«Қазақстан экономикасының базалық салаларындағы ESG интеграциясының басымдықтары» тақырыбында сараптамалық семинар өтті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, «Жасыл академия» ҰОО, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің, Д. Қонаев атындағы тау-кен ісі институтының, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қарағанды индустриялық университетінің басшылары мен қызметкерлерінің, халықаралық және ұлттық сарапшылардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, бизнес-қауымдастықтар мен ғылыми-өндірістік бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан экономикасының базалық салаларындағы ESG интеграциясының басымдықтары» тақырыбында сараптамалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты көміртексіздендіру, тұрақты даму және басқару бағыттарын қоса алғанда, Қазақстанда көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының басымдықтарын талқылау болды.

Қаржы секторы ESG инвестицияларына және климаттың өзгеруіне байланысты тәуекелдерге, соның ішінде «үмітсіз» активтердің тәуекелдеріне көбірек көңіл бөлуде. Инвестицияларды қайта бағалау олардың климаттық мақсаттарға сәйкестігін ескере отырып жүргізіледі. Ірі инвесторлар, соның ішінде халықаралық даму банктері қазба отын секторларынан инвестицияларды шығару жоспарларын жариялайды. Компаниялар климаттық ақпарат пен тәуекелдерді, соның ішінде өнімнің көміртегі ізі және жеткізу тізбегін көміртексіздендіру шаралары туралы ақпаратты ашып көрсетуге түсетін қысымның артуына тап болуда. Осы үрдістердің барлығы алдағы жылдар мен онжылдықтарда жалғасады, әлемдік және өңірлік экономикаға айтарлықтай әсерін тигізеді.

Семинар модераторы, Басқарма Төрағасы – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры С.С. Сагинтаева ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың жарлығымен БҰҰ-ның орнықты даму мақсатына қол жеткізу және 2023 жылғы 2 ақпандағы Париж келісімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілгенін атап өтті.

2025 жылға қарай ESG қорларының басқаруында ESG жатпайтын басқа қорларға қарағанда көбірек активтер болады, бұл ретте 2025 жылы ESG қорларының нарықтық үлесі қазіргі 15%-дан 57%-ға дейін өседі. Сонымен қатар, қатысушылары әлемдік қаржы активтерінің 40%-ына иелік ететін әлемнің 45 елінен 450 компанияның қаржылық альянсы (инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы қорлары, банктер, биржалар және т.б.) 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын толығымен азайту мақсатын ресми мәлімдеді.

Стратегиялық жоспарлау мен корпоративтік басқарудың қолданыстағы жүйелерін құрылымдық-технологиялық жаңғыртудың тұжырымдамалық ережелерін әзірлеу, сондай-ақ ESG индикаторларын ескере отырып, тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары мен ҚР агроөнеркәсіптік кешенінің табиғи, адами және басқарушылық ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар бүгінгі таңда қоғам мен қоршаған ортаны сақтау аспектісінде жауапты бизнесті қамтамасыз ету үшін зерттеудің өзекті бағыттары болып табылады.

Без рубрики