2020 жылдың 19 ақпанында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының іске асыру шеңберінде елімізде 2025 жылға дейін латын графикасын енгізу жөніндегі іс-шараны қолдау ретінде «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасында өзге ұлт өкілдері арасында факультетаралық «Қазақша оқимыз, латын қарпінде жазамыз» тақырыбында олимпиада өткізілді. Іс-шара 2 турда жазба жұмысы, сұрақ-жауап форматында өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: Студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту; теориялық қабілеттерін дамыту; теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету; дарынды студенттерді анықтау.
Жауапты оқытушылар: Хамзина К.М., Кулейменова Л.М.
Қатысқан студенттер саны: 22
Қазылар алқасының мүшелері:
- Жақыпханова Г.Қ. — редакциялық баспа бөлімінің редакторы
- Қанат Ф.Е. — ҒЗИ патриоттық тәрбие маманы
- Қалтабаева С.Е. — Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Тілдердің үштұғырлығы орталығы» басшысының орынбасары
Олимпиаданың жеңімпаздары:
I орын — Альтмаер Виктор – НВП-19-3
II орын — Останин Константин – ПСК-19-3
III орын – Джумабаева Карина – ИС – 19-2
Олимпиадаға қатысқан барлық студенттер алғыс хаттармен марапатталды.