«Қазақмыс» тобының делегациясы Saginov Technical University-де болды


23-қаңтар Saginov Technical University-ге «Kazakhmys Holding» ЖШС тұрақты даму жөніндегі директоры С.Шаяхметов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сыртқы стейкхолдерлермен жұмыс жөніндегі директоры Т. Шуриев және басқа да өкілдерден тұратын «Қазақмыс» тобының делегациясы келді.

Сапар мақсаты — университетіміздің ғылыми-техникалық әлеуетін зерделеу және тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобалардың мүмкіндіктерін талқылау.

Сапар аясында корпорация өкілдері «Минералдық шикізат ресурстарын кешенді игеру» инженерлік бейіндегі сынақ зертханасының қызметімен, сондай-ақ «Нанотехнология және металлургия», «Химия және химиялық технологиялар» кафедраларының зертханаларымен және іске асырылып жатқан ғылыми жобаларымен танысты.

Тараптар инновациялық технологияларды әзірлеу, бірлескен зерттеулер және өнеркәсіп қажеттіліктеріне бағдарланған мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен университет базасында өтетін алдағы ғылыми-техникалық хакатонға дайындыққа ерекше назар аударылды. Аталмыш хакатон тау-кен металлургия секторының өзекті міндеттерінің инновациялық шешімдерін іздеу үшін сала ғалымдары мен сарапшыларын біріктіреді.

Бұл сапар университет пен еліміздің жетекші өндірістік кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды, және де тәжірибеге бағдарланған білім беру және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Без рубрики