Қабыкенов Сапар Жомартұлы – кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Білімі – жоғары, 1976 жылы Қарағанды политехникалық институтын (ҚарПТИ) «Автомобиль көлігі» мамандығы бойынша үздік бітірді, мамандығы – автомобиль көлігінің инженер-механигі. 1976 жылдан бастап 1978 жылға дейін «Казмедьстрой» тресті автобірлестігінің Бас автобазасының бас механигі болып жұмыс істеді. 1978 жылдан бастап 1980 жылға дейін ҚарПТИ-дің Жезқазған қ. филиалының «Автомобиль көлігі» кафедрасының ассистенті қызметін атқарды. 1980 жылдан бастап Мәскеу автомобиль-жол институтының (МАЖИ) «Автомобиль көлігін пайдалану» кафедрасының машықтанушы-зерттеушісі, ал сонан кейін күндізгі аспирантурасының аспиранты. 1987 жылы МАЖИ-да (Мәскеу) техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғады. 1984 жылдан 1989 жылға дейін ҚарПТИ-дің Жезқазған қ. филиалының «Автомобиль көлігі» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 1989 ж. бастап ҚарПТИ-дің «Автомобиль көлігі» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы және доценті қызметтерін атқарды. 1989 ж. автомобиль көлігі кафедрасы бойынша доцент атағын алды. Қазіргі уақытта 5B071300 және 5B090100 мамандықтарының күндізгі, қысқартылған, жеделдетілген және сырттай түрде оқитын студенттері үшін «Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері», «Көлік техникасының сенімділігі», «Техникалық жүйелерді басқару» пәндері бойынша сабақ береді.
Ынтықов Тоқмырза Смағұлұлы – жол-көлік факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор
1967 жылыҚарағанды политехникалық институтын «Автомобиль көлігі» мамандығы бойынша бітірді. «Автомобиль көлігі» кафедрасының доценті. ҚарМТУ-да 1968 ж. бастап жұмыс істейді. Мәскеу автомобиль-жол институтында 1974 ж. мақсатты аспирантураны бітірген және кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған соң, ұзақ уақыт бойы сырттай оқыту, дайындау және жол-көлік факультеттерінің деканы, «Автомобиль көлігі» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1994 ж. бастап 1999 ж. дейін ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінде қызмет етті, отставкадағы подполковник. 2000 ж. ақпан айынан бастап «Автомобиль көлігі» кафедрасының доценті қызметін атқарады. «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Көлік құралдарының қауіпсіздігі», «Автокөлік психологиясы» пәндері бойынша сабақ береді. 40 мақаланың, екі оқу құралының авторы, электрондық оқулықтың қосымша авторы. «ҚарМТУ түлектері мен оқытушыларының ассоциациясы» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры. КСРО ЖОО Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының Құрмет Тақтасына енгізілді, Қазақ КСР ЖОО Министрлігінің төрт алғысы бар, КСРО жоғары білім беру саласындағы «Жұмыстағы жақсы табыстары үшін» кеудеге тағатын белгісімен, «ҚарМТУ-ға – 50 жыл» мерейтойлық белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, ҚарМТУ-дың құрметті қызметкері.
Глотов Борис Николаевич — сырттай және қашықтық оқыту факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор
Соққылы әрекеттегі қол машиналарында қолданылатын гидравликалық импульстік жүйелерді құру және зерттеу саласында маман болып табылады. «Көліктік техника энергетикалық қондырғылары», «Көліктік техника базалық шассиі», «Патенттік зерттеу негіздері» пәндерінен дәріс береді.
Қадыров Адиль Суратұлы — техника ғылымдарының докторы, профессор
Жер қазу машиналары мен құрылыс өндірісінің технологиясын құру мен зерттеу саласының маманы. «Методология және ғылыми зерттеу негіздері», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Болжамдау мен эксперттік баға» пәндерінен дәріс береді.
Әубәкіров Нариман Әубәкірұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Мәскеу автомобиль-жол институтының «Автомобильдер» кафедрасы аспирантураны 1967ж. тәмамдағаннан кейін ҚарПТИ автомобиль көлігі кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1976 – 1987ж.ж), доцент болып 1993 ж. дейін iстейді. 1993 ж. конкурс нәтижесінде Алматы автомобиль-жол институтының (1996 ж. Қазақ көлiк және коммуникациялар академиясы) профессоры болып тағайындалады. Сол жылы Әубәкіров Н.Ә. «Автомобильдерді жасау және техникалық пайдалану» кафедрасын ұйымдастырып, 1993 – 2002 жылдары кафедра меңгерушісі қазметін атқарады. 1997ж. академияның ғылыми кеңесінің шешімімен профессор атағы берілді. Әубәкіров Н.Ә. жетекшілігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстар нәтижелері бойынша 5 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Ғылыми жұмыстарының бағыты – автомобильдердің сенімділігін арттырудың ғылыми-техникалық негіздері. ССРО жоғары білім министрлігінің «Еңбектегі үздік табыстары үшін» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, республикамыздың жоғары білім министрлігі, Қарағанды облысы және қаласы ұжымдарының құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Оқу процесіне 90-ға жуық оқу-әдістеме жұмыстары енгізілген, 120 ғылыми еңбек авторы болған (оның ішінде 2 авторлық куәлік, автомобильдер қозғалысының теориясы, автомобильдерді құрамдау және есептеу, автомобиль сенімділігіне арналған 5 оқулық).
Әлиев Жеңіс Аққожаұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Мәскеу көлік инженерлері институтын (МИИТ) бітірген соң, 1967 жылдан бастап ҚарМТУ-да ассистент қызметінен бастады. 1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының күндізгі аспирантурасына түсіп, оны бітірген соң 1971 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1971 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор және кафедра меңгерушісі қызметтерінде жүйелі жұмыс істеді. 1976-1983 жж. және 1987-1997 жж. университеттің жол-көлік факультетінің деканы қызметін атқарды. 1991 ж. бастап 2008 ж. шiлде дейін автомобиль көлігі кафедрасының меңгерушісі болып табылады. 1975 ж. бастап институттың (университеттің) және жол-көлік факультетінің Ғылыми кеңестерінің мүшесі. 2001 жылы ҚарМТУ профессоры академиялық атағы берілген. ҚарМТУ-да жұмыс істеген кезеңде оқу-тәрбие, ғылыми және қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқан. ЖОО, факультеттің барлық шараларына үнемі қатысты. Ол 92 ғылыми жұмысын, соның ішінде өнертабыстарға 9 авторлық куәлігі және бір өнертабысқа патенті бар. «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша (2004 – 2006 ж.ж), «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша (1994 ж., 2000 ж., 2002 ж.) бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, сондай-ақ осы мамандықтар бойынша (2004 – 2006 ж.ж,) магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС), ҚР БҒМ бекітілген 2006 ж пәндердің 8 типтік оқу бағдарламаларын әзірлеуші және қосымша авторы болып табылады. Көлік мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің мүшесі болып табылады. Жұмыс істеген уақытында ЖОО басшылығымен бірнеше мәрте марапатталды, ЖОО, факультеттің Құрмет тақтасына енгізілді. Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі белгісімен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына орай медальмен, ҚР БҒМ грамоталарымен марапатталды.
Жәкенов Болат Қабышұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор
ҚарМТУ-да 1973 жылдан бастап жұмыс істейді.1982 жылы Омск қаласында Сібір АЖИ-да техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғады.1987 жылдан бастап автомобиль көлігі кафедрасының доценті қызметін атқарады. Қазіргі уақытта «№3 автобус паркі» АҚ-да автомобиль көлігі кафедрасының филиалында (филиал меңгерушісі болып табылады) «Автомобильдерді техникалық пайдалану», «ТҚ және ТЖ технологиялық процестері» арнайы курсы, «Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі», «ЖКО сараптамасы», «АКК және ЖПБ-дағы ҚҚ қызметтері», «АТС даму перспективалары», «Автосервис және фирмалық қызмет көрсету» пәндері бойынша дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтар өткізеді. Бірнеше мәрте социалистік жарыс жеңімпазы атанды. КСРО ХШЖК медалі бар.
Ищенко Александр Петрович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Құрылыс-жол машиналарының жұмыс жабдықтарын құру, машина жасауды болжамдау саласында зерттеулер мен өңдеулер жүргізуші маман. «Көтеріп-түсіру машиналарын пайдалану», «Басқарудағы жүйелік тәртіптер», «Өндірісті ұйымдастыру және өнеркәсіп менеджменті» пәндерінен дәріс береді.
Бестембек Ербол Серикұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Жер қазу машиналарының жұмыс мүшелерін құру және зерттеу саласында маман болып табылады. «Құрылыс және жол машиналарын автоматтандыру негіздері», «Автоматты басқару теориясының негіздері», «Құрылыс машиналары мен жабдықтары» пәндерінен дәріс оқиды. Жұмыстарының негізгі нәтижелері 22 мақала жарық көрді.
Курмашева Бахыт Қуанышқызы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Траншейлы фундамент құрылысына арналған жер қазу машинларының жұмыс мүшелерін өңдеу мен жобалу жұмыстанымен айналысады. Келесі пәндер бойынша сабақ жүргізеді: «Тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру», «Технологиялық машиналарды пайдалану», «КТ техникалық пайдалану негіздері». 40-тан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстарды орындады.
Смирнов Вячеслав Михайлович– аға оқытушы
Жер қазу мен коммуналды машиналарды өңдеу және пайдалану саласының маманы. «Жер қазуға арналған машиналарды пайдалану», «Коммуналды машиналар мен автомобиль жолдарын қызмет ету», «Көліктік техникасының өндірісі мен жөндеуінің технологиясы», пәндерінен дәріс береді.
Пак Игорь Анатольевич – аға оқытушы
1993 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітірді және сол жылы ҚарПТИ-дің автомобиль көлігі кафедрасына ассистент қызметіне қабылданды. 1994-1997 ж.ж. аралығында ЖКФ деканының орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Экономика және менеджмент (қаржы-несие және өнеркәсіпт саласында)» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚарМТУ-дың автомобиль көлігі кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істейді. КТ және ҚҰ кафедрасы бойынша жас мамандарды орналастыру үшін жауапты, ЖКФ Кеңесінің хатшысы болып табылады. Оқытатын пәндері: «Өндірісті ұйымдастыру және көліктегі менеджмент», «Жүк тарифтері, жүктану».
Есімсейітова Қадиша Ағынбайқызы – аға оқытушы
1984 ж. Қарағанды политехникалық институтты бітіріп, «Тау-кен инженері-экономист» біліктілігін алды. 1984 жылдан 1986 жылға дейін «Казахвзрывпром» арнайы басқармасында ұтымды ету, өнертапқыштық және жаңа техника жөніндегі инженер болып жұмыс істеді. Ұтымды етуге және өнертапқыштыққа белсенді көмектескені үшін Монтажспецстрой министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1986 ж. Қарағанды медицина училищесінің комсомол комитетінің босатылған хатшысы болып сайланды. 1987 ж. «ВОИР патенттеушісі» мамандығы бойынша Мәскеу ЦИПК, сонымен қатар БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді. 1988 ж. Қарағанды тау-кен техникумының комсомол комитетінің босатылған хатшысы болып сайланды. 1993 жылдан 2001 жылға дейін Қарағанды политехникалық колледжінің автомобиль пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2001 ж. бастап «КТ және ҚҰ» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Прагада, Украинада, Астанада, ҚарМТУ-да, ҚарМУ-да, ҚЭУ-да өткен, халықаралық ғылыми конференциялар мен форумдарға қатысты. «Транзитті экономикасы», «Саясат-policy» Республикалық журналдарында және басқа ғылыми еңбектер жинақтарында 16 ғылыми жарияланымы бар.
Кенесов Сыралы Жұбанышқалиұлы – аға оқытушы
1986-92 жылдары Қарағанды политехникалық институтында оқыды. 1992 жылы ПТУ-36 училишесінде мұғалім қызметін атқарды. 1993-2007 жж. дейін Қарағанды тау-кен техникумының автомобиль кафедрасында жоғары категориямен оқытушылық қызмет атқарды. 2007 жылдан бастап ҚарМТУ автокөлік кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады. Оқу әдістемелік құралдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындады.
Кутьенко Сергей юрьевич – аға оқытушы
1974 жылы туған. 1991 жылы «Құрылыс жол машиналары және жабдықтар» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтына түсіп, 1998 жылы бітіріп және инженер-механик квалификациясын алды. 1998 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды политехникалық колледжінде автомобиль пәндері кафедрасында оқытушы болып жұмыс iстеді. 2007 жылдан бастап «КТ және ҚҰ» кафедрасына аға оқытушы болып істейді. «Көлік техникасының жіктелуі және құрылғысы», «Көлік техникасының қуат қондырғылары», «Динамика ТТ», пәндері бойынща дәрiстер оқиды.
Жумабеков Айдар Темиргалиевич – аға оқытушы
2003 жылы 300440 «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша ҚарМТУ бітірді. ҚарМТУ «Автомобиль көлігі» кафедрасында 2003 – 2005 жылдары ассистент, 2005 – 2007 жылдары оқытушы, 2007 жылдан аға оқытушы қызметін атқаруда. Аға оқытушы ретінде төменде көрсетілген пәндер бойынша «Көлік құралдарының қауіпсіздігі», «Автокөліктік психология көліктегі қауіпсіздікті қамтамас етудегі техникалық құралдар» дәрістік, зертханалық, тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.
Асқаров Бахтияр Шарапиденұлы – аға оқытушы
2005 жылы ҚарМТУ-ды 280540 – «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2005 жылдан бастап ҚарМТУ-дың АК кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады. 2012 жылы 6М071300 “Көлік, көлік техникасы және технологиялары” мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, оқытушы ретінде «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары», «Көлік техникасының динамикасы», «Автомобиль көлігі кәсіпорнын жобалау» пәндері бойынша практикалық, зертханалық сабақтарды өткізеді.
Қызылбаева Эльвира Жанабекқызы – аға оқытушы
2005 жылы Қарағанды мемелекеттік техникалық университетін бітірген. 2005 жылдан 2007 жылға дейін ИАБ колледжінде сабақ берді. 2007 жылдан бастап кафедрасында ассистент, оқытушысы, аға оқытушысы қызметін атқарады. Ассистент ретінде «Жүк тарифтері және жүктану», «Автомобильдер қозғалысы теориясының негіздері», «Автомобильдер», «Көлік құралдары» пәндері бойынша практикалық сабақтар және СОДЖ өткізеді. Екі жоғары білімі бар: ҚарМТУ (2000-2005 жж.) «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясы(2005-2007 жж.) «Есеп және аудит» мамандығы бойынша.
Киселева Галина Владимировна – аға оқытушы
2006 ж. бастап АК кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. 2005 ж. ҚарМТУ-ды 280540 – «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2006 ж. «Бухгалтерлік есеп және 1С» курсын бітірді. Оқытушы ретінде «Көлік логистикасы», «КТ тех. пайдалану негіздері», «ТТЖ технологиясы және механикаландыру», «Бірыңғай көлік жүйесі», «Эргономика», «Ұйымдастыру техникасы және іс жүргізу» пәндері бойынша практикалық, зертханалық сабақтар өткізеді.
Дюсенбаев Ермек Шуиншібекұлы — оқытушы
Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару», «Жұмыс органдары және әсер ету объектілері», «Жүк көтергіш машиналары» пәндерінен тәжірбиелік және зертханалық жұмыстарын жүргізеді.
Мухтаров Талғат Мәдиұлы – оқытушы
2008 жылы «Жол қозғалысын ұйымдастыру» 300440 мамандығын бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық институты бітіріп, инженер квалификациясын алды. 2013 жылы 6М090100 – ”Көліктi пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру” мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 19 ғылыми мақаларың, бірнеше оқу-әдістемелік нұсқауларының мен оқу-ақпараттық ресурстарының авторы. Қазіргі уақытта ҚарМТУ КТ және ЛЖ кафедрасында оқытушысы болып жұмыс істейді.
Жайлаубеков Медет Акмолаұлы — ассистент
1985 жылы «Жол құрылыс машиналары» мамандығы бойынша КарПТИ-ға түсті. 1990 жылы оқұ бітіргеннең кейін әртүрлі көлік мекемелерде технологиялық машиналар бойышна инженер-механигі лауазымда болып жұмыс істеген. 2011 жылдан бастап КТ және ҚҰ кафедрасында ассистент болып жұмыс істейді.