Міндеті – Қазақстан Республикасының білім беру стандартына сай, сапалы білім беруді қаматамасыз ету. Мақсаты – транспортта қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру саласында жоғары білікті маманды дайындау.
Кафедра транспортта қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру саласында мамандарды дайындайды, ғылыми және өндірістік міндеттерді шешуге қабілетті, ұжымда жетекші рөлін алуға қабілетті. Кафедра түлектері өздігінен өндірістік міндеттерін қою және шешу қабілетіне ие болады, жұмыс мамандығы бойынша жұмыс дағдысын алады және дамыған шығармашылық мүмкіндіктерге ие. Осының бәрі еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті түлектерді дайындап шығарады.
Автомобиль жол пәндері циклдық әдістемелік кеңес (АЖП ЦӘК) – бұл жоғары білікті оқытушылар ұжымы, міндеті автокөлік және темір жол саласындағы мамандарды дайындау. Қазіргі уақытта АЖП ЦӘК Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі арнайы пәндер оқытушысы Скринникова Кристина Геннадьевна басшылық етеді, санаты 2. ЦӘК оқытушылар құрамында 10 оқытушы, олардың ішінде 2 магистр, 2 оқытушы І санатты, 3 оқытушы ІІ санатты мұғалімдер бар. АЖП ЦӘК келесі мамандар бойынша техниктерді дайындайды: 1107000 — «Көтергіш көлік, жол құрылысы көліктері мен жабдықтарын техникалық пайдалану (әр сала бойынша)», 1202000 «Көлікте тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (сала бойынша)».