Аубакиров Дастан Рахметоллаулының докторлық диссертациясын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет» КЕАҚ 8D07203 «Металлургия» оқу бағдарламасы бойынша Аубакиров Дастан Рахметоллаулы «Модификаторларды қолдана отырып, тозуға төзімді шойын құймалар өндірісінің технологиясын жасау және зерттеу» тақырыбында PhD философия докторлық дәрежесін алу үшін докторлық диссертациясың қорғайды.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» «Нанотехнология және металлургия» кафедрасында және Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасында жасалды. 

Рецензенттер: 

Қанай Аманкелді Токешұлы – т.ғ.д., Л.Н. Гумилёв атындағы «Еуразиялық ұлттық университетінің» КЕАҚ «Стандарттау, метрология және сертификатау» кафедрасының профессоры, Астана қ.;

Мусин Динислям Карийұлы – т.ғ.к., «Қарағанды индустриялық университетінің» КЕАҚ «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, Теміртау қ. 

Ғылыми кеңесшілер: 

Исагулов Аристотель Зейнуллинович – т.ғ.д., «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» КЕАҚ атқарушы директоры, Қарағанды қ.;

Акбердин Александр Абдуллович – т.ғ.д., профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ.;

Gerard Michot – PhD докторы, Лотарингия Университетінің материалдардың механикасы мен микроқұрлымын зерттеу зертханасының профессоры, Франция.

Кеңестің уақытша құрамы: 

Нурумғалиев Асылбек Хабадашевич – т.ғ.д., «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ «Металлургия және металлтану» кафедрасының профессоры, Теміртау қ., Қазақстан;

Богомолов Алексей Виталиевич – т.ғ.к., «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Металлургия» кафедрасының профессоры, Павлодар қ., Қазақстан;

Жакупов Алибек Нығматуллаұлы – PhD докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Металлургия» кафедрасының доценті, Павлодар қ., Қазақстан;

Ким Сергей Васильевич – т.ғ.к., Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Шойын және отын металлургиясы» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан;

Мұхамбетғалиев Ербол Кенжеғалиұлы – PhD докторы, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Болат металлургиясы және материалтану» зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан.

Қорғау 2022 жылдың 22 желтоқсан күні, сағат 14.00-де, 100027, Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 56/2, 206 ауд. мекенжайы бойынша, «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КЕАҚ Тау-Кен корпусында, өтеді.

Сайт мекенжайы: http://www.kstu.kz/dissertatsionny-j-sovet/

Teams бейне конференциясына сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/team/19%3aPqwfBo_ihsnN9v0_fIlv81RIgNsGzq7WTz3qgHJbUE1%40thread.tacv2/conversations?groupId=9a9abfd4-4b2f-48ec-85b0-b591fe96cd43&tenantId=cc092e78-489a-46a1-94b1-bf69c83b1867

e-mail: dastan_kstu@mail.ru

Без рубрики