2022 жылдың 11 ақпанында «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасында Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті, оған интернационалист-жауынгерлер Хасенов Талғат Болатұлы, Жұматаев Айтбай Мұхтарұлы, Жайнақов Жұмабек Еркенұлы, Халықов Ұлан Дәкенұлы, Маханов Нұрболат Кәрібайұлы, Тыныбаев Қайрат Иранұлы, Мұсатаев Төлеуғазы Әбілқасұлы шақырылып, сондай-ақ оқытушылар, қызметкерлер және студенттер қатысты.
Іс-шара интернационалист-жауынгерлерге арналған шолу экскурсиясынан басталды, оның барысында әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, кафедраның оқу сыныптары мен зертханалары көрсетілді.
Іс-шараның салтанатты бөлігі әскери кафедраның мәжіліс залында жалғасты. Қаза тапқан интернационалист жауынгерлер «бір минут үнсіздікпен» еске алынды. Жиналғандар алдында әскери кафедра меңгерушісі полковник Дарманқұлов М.И., Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері «Ардагер» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хасенов Т.Б., интернационалист жауынгерлер Эм Г.А., Жұматаев А.М. сөз сөйлеп, курсанттарға Одақтың «оңтүстік» шептерін қорғап, халықаралық терроризммен күресті бірінші болып қабылдаған сарбаздар мен офицерлердің жауынгерлік ерлігі, батылдығы, батырлығы туралы әңгімеледі.
Кездесу әскери кафедраның «Политехник» ВАА-ның танымал «ауған» әндерінің орындалуымен аяқталды.