Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалауда.
ҰКП университеттерді 19 критерий бойынша бағалайды, олардың негізгілері: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламасының аккредитациясы, оқытушылардың сапасы, бағдарламалардың өзектілігі.
✍2023 жылғы «Атамекен» АЭС рейтингінің қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының 3 білім беру бағдарламасы үздік нәтиже көрсетті:
1 орын – ББ «Пайдалы қазбаларды байыту»;
2 орын — ББ «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;
4 орын – ББ «Биотехнология».
Барлық ұжымға алдағы уақытта да табыс тілеймін!