Астана қаласында «ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO- 2024» Ұлттық кубок чемпионат лигасы өтті


Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар жиналды. Әлем бойынша БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған әлеуметтік-кәсіпкерлік, экологиялық және инновациялық бизнес жобаларын ұсынатын айтулы оқиға.

Аталған чемпионатта Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің «Enactus Change makers» командасы еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждерінен келген 202 тәжірибелі командамен бақ таласып, «College Cup» Ұлттық кубок чемпионат лигасында «Әлеуметтік наубайхана» жобасын ұсынды.

Студенттердің эдвайзерлері: әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Джолдаспаева Саулет Джунсалиевна және арнайы пәндер оқытушысы Қабсамет Ғибрат Қажымұратұлы.

Без рубрики