Бұл іс-шараға Басқарма төрағасы — Ректор Сауле Саветовна Сагинтаева бастаған ЖОО басшылары, ақсақалдар мен 300 адамнан құралған жатақханаларда тұратын студенттер қатысты.
Анет баба атындағы Қарағанды облыстық орталық мешітінің имамы Данияр Кемербай мен университетіміздің ардагері, профессор Ибадолла Дайырұлы Арыстан құттықтау сөз сөйледі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналғандар бір-бірін құттықтап, денсаулық, амандық, істеріне сәттілік, Республикамызға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
«Политехник» кафесінің қызметкерлері қатысушыларды мерекелік тағамдармен қуантты.
Барлық тілектерге қосыламыз.