Қасиетті Рамазан айында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да студенттер үшін ауызашар өткізілді


Бұл іс-шараға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Басқарма төрағасы — Ректор Сауле Саветовна Сагинтаева бастаған ЖОО басшылары, сондай-ақ жатақханада тұратын 300 студент қатысты.

Жиында Әнет баба атындағы Қарағанды облыстық орталық мешітінің имамы Данияр Кемербай құттықтау сөз сөйледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналғандар бір-бірін құттықтап, денсаулық, амандық, істеріне сәттілік, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Ораза қабыл болсын!

Без рубрики