ҚарТУ студенттерінің Долинка кентіндегі Репрессия құрбандарының мекені болған Карлаг мұражайына баруы


2021 жылдың 14 сәуірінде «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.м. Ж.А. Тусупбеков және «Серпін» оқу орталығының жетекшісі Ш.А. Жетпісбай «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 1-курс студенттерімен «»Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы» КМҚК-ға барды. Мұражайға бару «ҚХА және ӘГП» кафедрасының Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесімен белсенді ынтамақтастығына байланысты жүзеге асырылды. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі күніне, Ұлы Жеңіс күніне, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орайластырылған.

Без рубрики