Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде ҚР БҒМ «ADAL BILIM»жобалық кеңсесінің ұсынымдарын орындау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешені табысты іске асырылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстарды орындаудың тиімділігін күшейту және университет пен колледждің ПОҚ Академиялық адалдық кодексін сақтау мақсатында стратегиялық даму жөніндегі проректорға Әдеп жөніндегі уәкілдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жауапты адамның міндеттері жүктелген (24.12.19 ж. №1205лс бұйрық). Барлық академиялық топтарда студенттер мен оқытушыларды «Ар-намыс Кодексімен» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен» таныстыру жүргізілді.
Университеттің және колледждің барлық оқу корпустары мен жатақханаларының бірінші қабаттарында жауапты тұлғаның студенттер, ата-аналар, оқытушылар мен колледж қызметкерлерін аптасына 1 рет жеке қабылдау бойынша фото, лауазымы, байланыс телефоны, Facebook және Telegram каналындағы жеке парақшасының мекенжайы, орналастырылған. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қатынасын, осы тақырып бойынша жастардың білім деңгейін анықтау, колледж оқытушылары тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау мақсатында студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы және академиялық адалдық қағидаларының сақталуы бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеулер (сауалнама) жүргізілді. Оқу жылында екі рет «Таза сессия», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциялары өткізілді. 2021 жылдың қаңтар айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау және аудит жүргізу шеңберінде ішкі сауалнама (электрондық сауалнама) жүргізілді. Оған колледждің барлық топтарынан 257 – ден астам студент қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл-патриотизмнің жаңа нысаны» тақырыбында ашық шеберлік сағаты өткізілді. (қамтылуы-25 адам), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әркімнің ісі» тақырыбында құқықтық сағат (қамтылуы 24) өткізілді, оның мақсаты «адалдық», «парасаттылық» және «студенттік ортада сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл» ұғымдарын дарыту болып табылады.
Бекітілген жоспарға сәйкес ZOOM платформасында
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында онлайн кураторлық сағаттар өткізілді (қамтылуы -250 адам).;
- 12.03.2021ж «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында дебаттық турнир өткізілді (қамтылуы -24 адам);
- колледжде тұрақты түрде «Парасаттылық сағаттары» өткізіліп, колледждің әлеуметтік желі парақшасында «Парасаттылық сағаты» онлайн бейне дәрістері орналастырылды.
06.01.2021ж сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында ашық шеберлік сағаты өтті. 25.02.2021ж біздің колледждің оқытушылары Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Әділдік философиясы» адалдық сағаты жалпыреспубликалық акциясына белсенді қатысты. «Жастар оқуы керек, тек білім мен еңбек олардың жолындағы барлық қиындықтарды жеңуге көмектеседі» (қамтылуы-43 адам)
17.03.2021ж. «Төле би-адалдық пен әділдіктің негізін қалаушы» тақырыбындағы онлайн – бейнесабақ өткізілді. (қамтылуы — 250 адам)
31.03.2021 ж «Парасаттылық сағаты: Қазыбек би « (студенттерді қамту-250)
05.04.2021ж «Әйтеке би: Парасат биігі мен сөз құдіреттілігі» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді (студенттер саны 250) .
«Саналы ұрпақ» клубының жоспары бойынша студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіру, кураторлық сағаттар, құқықтық білім беру сабақтары, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әңгімелер, дәрістер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі нысандарына қарсы іс-қимыл бойынша дебаттық турнирлер өткізілді. Құқық негіздері сабағында және факультативтік сабақтарда азаматтық пен патриотизмге байланысты проблемаларды, мораль және адамгершілік ұғымдарын талқылау жүргізіліп, киноматериалдар мен бейнероликтер көрсетілді.
Клуб жетекшісі клуб белсенділермен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған тиісті тақырыптарға адалдық сағаттары мен түрлі акциялар өткізді.
«Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбында колледжішілік әлеуметтік бейнероликтер мен суреттер сайысы өткізілді. Сондай ақ биылғы оқу жылында «Колледж — сыбайлас жемқорлықтан таза аумақ» құқықтық тақырыбы бойынша облыстық онлайн — жарнамалық-имидждік роликтер сайысында біздің колледж студенттері жүлделі 1 орынды жеңіп алды. «Политехнические знания» газетінің нөмірлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие туралы «Колледж-сыбайлас жемқорлықтан таза аумақ» атты мақала жарияланды.
Университеттің әрбір корпусы мен жатақханасында күн сайын университеттің теледидарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша насихаттық бейнероликтердің плейлистерін трансляциялауға мүмкіндік бар. «Саналы ұрпақ» клубының белсенділері насихаттайтын «Адалдық алаңы» құрылды. Колледж Инстаграмм желілерінде, әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы посттар жарияланды.
Университетте «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді, білім беру үрдісі қызметтерін жылдам әрі сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Колледж студенттеріне техникалық-кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама; білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау; жатақханалардан орын беру; ұйымға құжаттар қабылдау; құжаттардың түпнұсқаларын беру; академиялық демалыстар беру қызметтері көрсетіледі.
Сондай-ақ біздің студенттер порталдан анықтамалар алып, ЭЦҚ жаңарта алады. Оқу корпустары мен жатақханаларда ЭЦҚ, мобильді қосымшалар көмегімен ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды танымал етуге бағытталған бейнероликтер тұрақты негізде көрсетіледі.
«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Өмірбекова Г.Ш.