ҚарТУ Басқарма Төрағасы – Ректор М.К. Ибатов Қарағанды техникалық университетінің магистранттары мен докторанттарымен кездесті.
Кездесу барысында пандемия жағдайында өңірдің тұрақты экономикалық дамуы, шағын және орта бизнесті қолдау, білім алушыларды әлеуметтік қорғау шаралар талқыланды.
Орта таптың негізі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновациялардың, жұмыспен қамту мен қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізгі жетекшісі болып табылатын бизнеске мемлекеттің жан-жақты қолдауы қарастырылды.
Білім алушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында университетте қаржыландырылатын ҒЗЖ қатысқаны үшін қосымша ақы төлеу, жас ғалымдарға гранттар, оқу үздіктеріне атаулы стипендияларды қамтитын материалдық ынталандыру шараларының кешені іске асырылуда. Білім алушылардың стипендиясы арттырылды.
2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге ұлғайтылатын болады.