«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен осы жылы өзінің 70 жылдығын атап өтетін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында біздің университеттің үздік студенттеріне 50 білім беру гранты салтанатты түрде табыс етілді.
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында 15 жылдан бері «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы табысты жұмыс істеп келеді, ол кәсіпорындардың стратегиялық дамуын олардың адами ресурстарын дамытумен, білім мен ғылымға инновацияларды енгізу негізінде сұранысқа ие мамандарды даярлаумен байланыстыратын тиімді тетікке айналды.
Консорциум шеңберіндегі ЖОО мен кәсіпорынның көпжылдық жемісті ынтымақтастығының бір мысалы ретінде мамандарды даярлауда, өндіріске ғылымды қажетсінетін импортты алмастыратын технологияларды әзірлеуде және енгізуде университеттің стратегиялық серіктесі болған Қазақстанның тау-кен — металлургия кешенінің негізгі компаниясы – «АрселорМиттал Теміртау» болып табылады. Оның көмегімен 2021 жылы университет базасында «Ақпараттық қауіпсіздік» заманауи зертханасы құрылды. Ал егер өткен жылы біздің студенттерді оқытуға «АрселорМиттал Теміртау» 37 білім грантын бөлсе, биыл – 50 бөліп отыр, олардың компания бөлімшелерінде одан әрі жұмысқа орналасуына кепілдік берілген. Бұл компанияның кадрлық саясатының негізі болып табылатын адами капиталды дамытуға жүйелі көзқарастың лайықты мысалы.
Конкурстық іріктеуден өткен студенттерге компанияның білім беру гранттарының сертификаттарын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ персонал жөніндегі директоры Е. П. Винокурова табыс етті.
Білім беру гранттарын тапсыру салтанатты рәсімінен кейін іс шараның барлық қатысушылары Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бас корпусының жанында естелік суретке түсті.