«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ТОП 100 Инженеров» бағдарламасының шеңберінде 2016 ж. техникалық, металлургиялық, тау-кен мамандықтары түлектерін қабылдайды.
«ТОП 100 Инженеров» бағдарламасы— бұл, Теміртау және Қарағанды қалаларында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорынының Болат және Көмір бөлімдеріне ЖОО-ның ағымдағы жылдағы ең үздік түлектерін таңдау және жұмыспен қамтамасыз етуді қамтитын жоба.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
— ЖОО-ның ағымдағы жылдағы түлегі, соңғы үш жыл ішінде оқу орынын тәмәмдаған, 30 жасқа дейінгі Болат және Көмір бөлімдері қызметкерлерінің балалары;
— өндіріске тікелей қатысы бар техникалық, металлургиялық, тау-кен мамандықтары;
— ЖОО-да жақсы және өте жақсы оқу көрсеткіштерінің және оқу орынын жақсы мінездеменің болуы;
— көмір немесе металлургия саласында білікті маман немесе тау-кен инженері, және де нәтижесінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорынының Болат және Көмір бөлімдеріне жетекші болуға деген құлшыныс.
Үміткерлерді таңдаудың алғашқы кезеңі 2016 ж. шілде айында басталады. Қатысам деушілер суреті бар түйіндемесін 2016 ж. 15 маусымана дейін, сонымен қатар дипломның қосымшаларымен көшірмесін Qlga.Dolzhenko@arcelormittal.com эл.поштасына немесе Республика д., 1 , завод басқармасының ғимараты, 317 каб.-ке жіберіңіз.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты www.arcelormittal.kz сайтынан ала аласыздар.