Көктемнің алғашқы күні Алматы қаласында бразилиялық джиу-джитсудан «Arlan Celection» турнирі өтті. Аталмыш сайыста ҚарМТУ студенттері жоғары нәтиже көрсете білді.
Жалпы көрсеткіш — Мадияр Айтпаев (93+) – І орын, Алдияр Тайлакбай (71 кг.) – ІІ орын.
Наурыздың 6-8 жұлдызында Ақтөбе қаласында грэпплинг күресі бойынша, ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне келіп жетті. Қарағанды облысының намысын ҚарМТУ студенті Нұржан Сейдуали қорғап, жүлделі І орынға ие болды. Сонымен қатар, Нұржан бұл додада Түркия мемлекетінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.
Нұржан 62 салмақ дәрежесі бойынша 4 кездесу өткізген. Қарсыластары әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жүрген Ақтау, Ақтөбе, Алматы және Астана қаласының палуандары еді. Қарағандылық спортшының өз салмағы бойынша Қазақстан Республикасының бірінші санақта тұрған палуан екенін естен шығармау қажет.