ҚарМТУ студенттерінің арасындағы «Мен патриотпын» үздік бейнеролик сайысының


1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы ереже ҚарМТУ студенттерінің арасындағы «Мен патриотпын» үздік бейнеролик сайысын (әрі қарай — сайыс) ұйымдастыру және өткізу, критерийлер бойынша үміткерлерді сайыстық іріктеу, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды;

1.2. Сайысты ұйымдастырушы ҚарМТУ Патриоттық тәрбие беру ғылыми-зерттеу институты болып табылады;

1.3. Сайыс 2017 жылдың 6 ақпаны мен 10 сәуір аралығында өтеді.

 

2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Студент жастар арасындағы патриоттық және тәрбиелік жұмыстар;

2.2. «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің негізгі ережелерін насихаттау;

2.3. Жастарды отансүйгіштікке, қоғам негізін және мемлекетті нығайтуға дайындау; Отан қорғау бойынша азаматтың міндетін адал және лайықты орындау;

2.4. Ұлттық сана, ұлттық дәстүр ойларының туындауы;

2.5. Азаматтық-патриоттық санасын қалыптастыру, оның мәдени және тарихи мұрасын құрметтеу;

2.6. Студенттерге видео өнер арқылы өзін-өзі жетілдіру және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

 

3. Сайысқа қатысу

 

3.1. Сайысқа ҚарМТУ барлық студенттері қатыса алады;

3.2. Сайысқа қатысу үшін төлем алынбайды;

3.3. Сайыстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

а) сайысқа қатысу үшін қатаң берілген тақырыпқа сай бейнеролик дайындау қажет;

б) ұсынылатын сайыс жұмыстары келесі талаптарға жауап беруі тиіс: жұмыс, оның мазмұны, сюжет, әрекет етуші тұлғалар мен кейіпкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуі тиіс;

в) бөтен видеографикалық материалдарды, мәтіндерді, дизайн идеяларын толық немесе бөлшектеп пайдалануға (алуға) тыйым салынады. Сурет былапыт сөздер немесе қимылдарсыз, дұрыс болуы тиіс;

д) суреттер, фото реті, соның ішінде дыбыстық сүйемелдеумен немесе онсыз бейнеролик тасығышта 5 минуттен аспауы тиіс.

3.4. Сайысқа қатысу үшін мәлімдеме осы Ережеде көрсетілген Қосымшаға сәйкес 2017 жылдың 6 наурызына дейін беріледі.

Мәлімдемеге мыналар қоса беріледі:

а) сайыстың қысқаша сипаттамасы қағаз тасығышта жұмыстың мазмұны және техникалық сипаттамалары, тегі, аты, әкесінің аты және автордың байланыс ақпараттарын көрсете ұсынылады;

б) сайыс жұмыстары CD/DVD дискте немесе USB-тасығышта беріледі (ұзақтығы 5 минуттен аспайды).

3.5. Жоғарыда көрсетілген техникалық талаптарға, сондай-ақ, осы Ереженің п. 3.4. сәйкес комиссия мәлімдемені қабылдаудан бас тартуға құқылы.

3.6. Сайыстық жұмыстар 2017 жылдың 10 сәуір айына дейін «Мен патриотпын» үздік бейнеролик сайысы» белгісімен niipatriot_kstu@mail.ru электрондық поштаға немесе Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ (ҚарМТУ, Бейбітшілік бульвары, 56, 4 корпус, 2 қабат, каб. 206, тел. 56-51-89 (ішкі 2035) мәлімдеменің скан нұсқасын, роликтің қысқаша сипаттамасын және сайыстық жұмыс ұсынылады.

3.7. Сайысқа жіберілген материалдар  қайтарылмайды және рецензияланбайды.

3.8. Сайысқа қатысушы шексіз мәлімдеме санын бере алады.

 

4. Сайыстың іріктеу критерийлері

 

4.1. Сайыстық жұмыстарды бағалау барысында келесі критерийлер қолданылады:

— жаңалығы – материалды беру ерекшелігі;

— көркем көрініс;

— материалды әртүрлі мақсатты аудиториялар үшін қолдану мүмкіндігі;

— университеттің ішкі телеарнасында іс-шараны көрсету;

— таңдалған стильдегі жұмысты орындау дәлдігі және орындылығы.

 

5. Сайыс қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

5.1. Сайыс жеңімпаздарын ҚарМТУ студенттерінің арасындағы «Мен патриотпын» үздік бейнеролик сайысының қорытындысы бойынша комиссия айқындайды;

5.2. Сайыс қорытындысын комиссия 2017 жылдың 20 сәуірінде шығарады;

5.3. Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия мүшелері дауыс беру арқылы осы Ереженің 4-бөлімінде көрсетілген критерийлерге сәйкес анықтайды. Комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің дауысымен қабылданады.

5.4. Дауыс беру нәтижелері мен комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасында жазылады, комиссия отырысы өткен күннен бастап бір күн ішінде оған комиссия төрағасы және хатшысы қол қояды;

5.5. Сайыстың жеңімпаздары туралы ақпарат он күнтізбелік күн ішінде хаттамаға қол қойылған күннен бастап комиссия отырысы сайысқа қатысушыларға жеткізіледі және ресми сайтта орналастырылады www.kstu.kz.

 

6. Марапаттау

 

6.1. Бағалы сыйлықтарды сайыстық комиссия айқындайды;

6.2. Сайыс жеңімпаздары жүлделі орын белгіленген дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша

 

ҚАТЫСУШЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Аты-жөні
Туғын жылы
Тұрғылықты мекен-жайы, телефон,

е-mail.

Оқу орны (факультеті, курсы, тобы)

 

Сайыстың талаптарымен таныстым және келісемін. Автор ретінде сайыс жұмысын Интернет желісіне салуға, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда коммерциялық емес мақсатта қолдануға қарсы емеспін.

 

 

___________________________ қолы, күні

Без рубрики