ҚарМТУ студенттеріне арналған «Кімнің пікірі дұрыс?» зияткерлік ойыны


19.02.13 ж. сағат 13.00 –де ҚарМТУ бірінші ғимаратының 207-ші аудиториясында ҚарМТУ студенттеріне арналған «Кімнің пікірі дұрыс?» атты институт аралық зияткерлік ойыны өтеді.

Зияткерлік ойынның негізгі мақсаты жастар жиі кездестіретін негізгі құқықтық мәселелерді талқылау болып табылады.

Негізгі ұйымдастырушылары ҚарМТУ «Президенттік стипендиаттар кеңесінің» стипендиаттары болды.

Зияткерлік ойын жастардың ең маңызды құқықтық мәселелерді талқылау мен оның шешу жолдарына арналған.

Зияткерлік ойын ең алдымен студенттік жастардың құқықтық сауаттылығын жоғарлату мен белсенді азаматтық позицияны қалыптастыруға бағытталған.

Хабарласу: Сәдуақасова Жансұлу 8 700 432 64 16

Без рубрики