ҚарМТУ студенттері «Жастар – Қазақстанның болашағы» аймақтық фестиваліне қатысты  


29 қарашада Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» аймақтық фестивалі өткізілді.

Фестивальдің мақсаты – шығармашылық жастарды анықтау және қолдау.

«Жастар – Қазақстанның болашағы» фестивалінің қатысушылары күндізгі бөлімде оқитын Қарағанды облысының колледждері мен Жоғарғы оқу орындарының студенттік жастары болып табылды.

Фестиваль барысында студенттер өз өнерлерін, мүмкіндіктерін, жетістіктерін әртүрлі номинация бойынша көрсетіп шықты. Іс-шараға барлығы 600-ден астам студенттер қатысты.

Фестивальдің қортындысы бойынша түрлі номинациялардың жеңімпаздары анықталды.

«Вокалдық орындау» номинациясының Гран-приі (ЭАТФ, АиУ-14-1 тобының студенті) Жылқайдарова Аидаға берілді, ал шахмат турнирі бойынша екінші орынды (СҚФ, С-17-4 тобының студенті) Жакупов Расул иеленді.

Без рубрики