Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері Евгений Ким және Сүлеймен Дәукішов 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Алматы қаласында өткен X Республикалық студенттік олимпиадаға қатысып, үздік нәтиже көрсетті.
Республикалық олимпиадада Қазақстанның 43 ЖОО-нан 74 студент бақ сынысты.
Олимпиада Мемлекеттік стандартқа кіретін 3 пән бойынша өтті. Олар:
1) Ақпараттық жүйелердегі деректер базасы.
2) Алгоритмдер, деректер құрылымы және бағдарламалау.
3) Компьютерлік жүйелер.
Студенттердің білімі әрбір мамандық бойыша жеке-жеке бағаланып, әрбір тапсырмаға 100 балдық жүйе бойынша балл берілді.
Тапсырмалар қиын әрі уақыт та шектеулі болды. Олимпиаданың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
Евгений Ким екінші жүлделі орынды иеленді.
Олимпиада қатысушыларының ғылыми жетекшісі «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы Елена Георгиевна Клюева.