Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің екі командасы «Case-In» Халықаралық инженерлік чемпионатының- Ресейдегі отын-энергетикалық және минералды- шикізат кешендерінің жалғыз федералды кейс- чемпионатының ақтық сайысына шықты. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары 30-31 мамыр 2016 ж. Мәскеуде «Case-In» -ның ақтық сайысында ҚарМТУ атынан өнер көрсетеді.
Тау-кен ісі бойынша Лиганың ақтық сынына шыққан: «The mining team» командасы: капитаны Сейдуали Нуржан, Рахметов Бекзад, Идрисова Анастасия, Волошина Дарья.
Электроэнергетика бойынша шыққан: «ТЕСЛА» командасы: капитаны Салимов Рахат, Елюбаев Ерболат, Садыкова Жулдыз.
Ақтық сында ҚарМТУ топтары ең үздік студенттік инженерлік топ атағы, отын-энергетикалық және минералды- шикізат кешендерінің кадрлық қорына енгізілу үшін, алдыңғы қатарлы салалық компанияларда тәжірибеден өту және машықтану үшін, сонымен қатар «Тау-кен мектебі» және «Жастық энергиясы» салалық жазғы білім беру бағдарламасына және «Итуруп ─ 2016» Бүкілресейлік жастар білім беру форумына қатысу үшін таласқа түседі.
«Case-In» Халықаралық инженерлік чемпионаттың ақтық сайысына Ресей, Қазақстан және Монғолияның 39 ЖОО-нан 87 команда құрамында 313 студенттер мен аспиранттар қатысады.
ҚарМТУ студенттеріне сәттілік тілейміз!
«Case-In» Халықаралық инженерлік чемпионаттың http://case-in.ru/
Байланыс:
Алёна Лушникова, жоба жетекшісі
+7 (495) 6278452
+7 (912) 247-93-34
Lushnicova@fondsmena.ru
БАҚ үшін байланыс:
Алёна Гинс, жобаның баспасөз-хатшысы +7 (922) 223-37-89 pr@fondsmena.ru