«ҚарМТУ студенті РФ Президентінің шәкіртақысына ие болды»


Ресей Федерациясының  Білім және ғылым мнистрлігі  2014 -2015 оқу жылында студенттер мен магистранттардың  РФ Президентінің шәкіртақысын тағайындау бойынша  үміткерлерді таңдау жарысының  нәтижелерін шығарды. Аталмыш шәкіртақыға оқудағы және ғылыми зерттеулердегі жетістіктері үшін, қазіргі таңда Санкт-Петербург  мемлекеттік университетінде  білім алып жатқан біздің  түлегіміз, Мұрат Макенов ие болды.

Мұрат Макенов  ҚарМТУ-да «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының  «Бағалау» мамандығын 2013 ж. бітірді. Қазір мұрат СПбМУ-нің екінші курс магистранты. Бакалдавриатта оқып жүрген кезде, Мұрат Қазақстан Республикасы Президентінің, сонымен қатар  Тұңғыш президент қорының шәкіртақысына ие болған еді. Барлық Ресей бойынша Президент шәкіртақысын  700 студент қана алады (РФ барлық студенттер саны 6,5 млн) осы жылы солардың ішінде ҚарМТУ  түлегі бар.

степендиант

Без рубрики