ҚАРМТУ СТУДЕНТІ ДОСТЫҚ ПЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТҰТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҮЛЕСІ, БЕЛСЕНДІ ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ


«Жас Орда» Жастар қауымдастығының төрағасы, ҚарМТУ Машина жасау факультетінің 4-курс студенті Ильяс Смаилов ҚХА Төрағасының орынбасары
Ж. Түймебаевтың және Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбектің достық пен этносаралық тұтастықты нығайтудағы үлесі, белсенді еріктілік қызметі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.
ҚарМТУ студенттік өзін-өзі басқаруы бірыңғай орган – «Жас Орда» Жастар қауымдастығымен ұсынылған, ол ҚарМТУ-дың барлық студенттік ұйымдарын біріктіреді – «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымы, Президенттік шәкіртақы алушылар кеңесі, студенттік жатақхана кеңестері, мәдениет пен спорт, білім беру жобалары, серіктестермен жұмыс жөніндегі, медиаорталық студенттік орталықтары.
Студенттердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін ҚарМТУ «Жас Орда» ЖҚ белсенділері ұжымдық басқару органдары – Ғылыми кеңес, Факультет кеңестері, студенттік жатақхана кеңестері, президенттік және ректорлық шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі университет комиссиялары, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңес жұмысына атсалысады.
Смаилов Ильясты лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және оған қоғамдық қызметте және оқуда жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики