Байқау ұйымдастырушысы – Атырау облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы. Байқауға 18-35 жас аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген 17 қатысушы қатысты.
Байқауға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Электрэнергетика, автоматтандыру және телекоммуникация» факультетінің 3 курс студенті, «Ұлттық тәрбие тағылымы» үйірмесінің мүшесі Амирғазы Еламан қатысып, 17 үміткердің арасынан озып шығып жүлделі үшінші орынды иеленді. Ғылыми жетекшілері – қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, пед.ғылымдарының магистрі Әбілқасов Ғабиден Мәжитұлы, аға оқытушысы Хасен Мұрат Әбдірахманұлы