Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Британдық Quacquarelli Symonds компаниясы құрған Еуропа және Орталық Азия елдерінің ЖОО рейтингіне кірді.
Жалпы QS EECA (Emerging Europe & Central Asia) рейтингіне аймақтың 22 елінен 150 жоғарғы оқу орындары кірді. Қазақстандық университеттерден аталмыш рейтингке Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (21-ші орын), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (33-ші орын), Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (54-ші орын), Қазақстан-Британ техникалық университеті (63-ші орын), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (67-ші орын) кірді.
Сонымен қатар аталмыш рейтингке кірген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (74-ші орын), М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті (81-ші орын), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (100-ші орын), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (101-110- шы орындар), Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (111-120-шы орындар), Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (111- 120-шы орындар), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік –Қазақстан мемлекеттік университеті (131- 140-шы орындар), Алматы технологиялық университеті (131- 140-шы орындар) және Қожа Ахмет Яссауй атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (141-150 орындар).
Тізімді бастаған М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Екінші орынды да Ресейлік- Новосибирск мемлекеттік университеті иеленді. Алдыңғы қатарлы 5 университет тізіміне чехтің Карлов университеті, Тарту университеті және Санкт-Петербург мемлекеттік университеті енді.
Ақпарат tengrinews.kz сайтынан алынды.