ҚарМТУ полиция жасағы көмекшілерінің ЖПҚ участкелік қадағалаушымен кездесуі


28.03.2017 ж. «Армандастар Ордасы»,  №1  жатақхана мен  «Серпіндестер Ордасы» жатақханаларының полиция жасағы көмекшілері жергілікті полиция қызметі участкелік қадағалаушысы Ж.С. Шохабаевпен кездесу өткізілді.

Ж.С. Шохабаев студенттерді «Уақытша тіркелу туралы» заңның ережесімен таныстырып, тұрғылықты мекенжайға уақытша тіркелуден өту қажеттігін айта кетті.

Студенттер жеке куәлігін жоғалтып алған жағдайда, жоғалған күннен бастап 10 күн ішінде ХҚК орталығында тегін қалпына келтіру туралы тәртібімен таныстырылды.

Сондай-ақ,  16 тармақтағы тұрғындарды тіркеуде жарамсыз құжаттар, жауапкершілік шаралары мен жеке тұлғаны  куәландыру туралы құжаттау ережесі түсіндірілді.

Без рубрики