2017 жылдың 27 желтоқсаны күні «Нұр Отан» партиясында (Астана қ.) «NURINTECH-2017» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Әртүрлі номинацияда сайысқан 20-дан астам жеңімпаз миллион теңге көлеміндегі жүлдені қоржынына байлады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас зерттерушілерді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мухаммед құттықтады. Салтанатты рәсімде ол аталмыш байқау Елбасының бастамасымен «Нұр Отан» партиясы тарапынан ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.
Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру. Оған 14-29 жас аралығындағы Қазақстанның әрбір азаматы, сондай-ақ жетекшісінің жасы 29-дан аспаған ғылыми және шығармашылық топтар да қатыса алады. Байқау номинациялары: «Әлеуметтік маңызды инновациялар», «Техностарт», «Үздік жас ғалым», «Жастардың инновациялық жобасы», «Перспектива». Қатысуға өтінім білдіргендер жеке өздері тарапынан әзірленген ғылыми, инженерлік, зерттеушілік және қосымша ғылымдар бойынша зерттерулері мен жобалаларын ұсына алады. Жалпы байқау жеңімпаздары 5 номинация және келесі бағыттар бойынша анықталады: латын қарпіне көшуге арналған бағдарламалар мен қосымшалар, жасыл энергетика, химиялық технология, нанотехнология және биотехнология, өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс, агроинновация, ІТ және авиағарыш технологиясы, медицина, медициналық техника және технология, фармация, табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу, робототехника, жол қозғалысының қауіпсіздігі, үздік лайфхак, 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар, экологиялық инновация, білімдегі инновация.
Биылғы жала елімізде аталған үздіктер сайысы екінші рет өткізіліп отыр. Әділқазылар алқасының төрелігіне биыл 1000-нан аса жоба ұсынылған. Бұл жобалардың көп орындаушыларының жасы әлі 18-ге де толмаған.
Эксперттік топтың құрамына еліміздің қоғамдық, мемлекеттік органдарының, бизнес-қауымдастықтар, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері және мәжіліс депутаттары мүше болған. Комиссия жіберілген өтінімдердің ішіндегі сұранысқа жауап беретін, экономикалық жағынан тиімді деген 25 жобаны анықтады. Жобаларды қорғау ақпараттық технологиялар арқылы жүргізілді. 13 үміткер өз зерттеулері жайлы баяндамаларын партияның Орталық аппаратында жасаса, ал 12-сі бейне-конференция арқылы жобаларын қорғап шықты.
Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды иеленгендерге 1 миллион теңгелік сертификаттар, екінші орынға – 500 мың теңге, үшінші орынға – 250 мың теңге тағайындалды. Қазақстанның кез келген ЖОО-ның 1-курсында білім алу ақысын төлейтін грантты «Перспектива» номинациясының жүлдегері иеленді. Байқаудың жалпы жүлде қоры 8 000 000 теңге.
Университетіміздің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының оқытушысы Ербол Шабанов осы байқаудың «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша 1 орынды жеңіп алып, 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды. Ол металл қорытпаларын ерітудің жаңа ресурс үнемдеу технологиясын ойлап шығарған. Сондай-ақ осы номинация бойынша үздік атанған жас ғалымдар – Жамбыл облысынан Гаухар Смағұлова (наножабындысы бар тиімділігі жоғары күн энергиясымен жұмыс істейтін коллекторлар жобасы), Шығыс-Қазақстан облысынан Бауыржан Рахадилов (кекіш құрал-саймандардың қаттылығын нығайтатын инновациялық технологияның авторы).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!