ҚарМТУ-дың магистранты халықаралық «Mitsubishi Electric Кубогі— 2016» байқауының дипломымен марапатталды


ҚарМТУ-дың магистранты халықаралық «Mitsubishi Electric Кубогі— 2016» байқауының дипломымен марапатталды

ҚарМТУ-дың Энергетика, автоматика және телебайланыс факультетінің 1 курс магистранты  – Шишикин Артем Мәскеу қаласында өткен халықаралық «Mitsubishi Electric Кубогі— 2016» шығармашылық байқауының «Mitsubishi Electric құрал-жабдықтары базасында қолданбалы есептерді шешуге арналған ең үздік оқу стенді» номинациясының 3 дәрежелі дипломымен марапатталды. Жас ғалым өзінің «MELSEC L БЛБ базасында СУ стенді  арқылы процестік техниканы жасау» тақырыбындағы жобасын «Өндірістік үдерісті автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. профессор И.В. Брейдоның жетекшілігімен жүзеге асырған.

Mitsubishi Electric аталмыш шығармашылық байқауды өткен жылдың 1 маусымы – 30 қарашасы аралығында ТМД және Ресей ЖОО-мен біріге отырып, өткізді. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Мәскеу қаласында болды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас мамандар арасындағы инженерлік құзіреттіліктерді дамыту, инновациялық және кәсіпкерлік қызметтерге қолдау көрсету. Сондай-ақ байқау қолданбалы шешімдер базасын құрып, оны одан әрі дамытып, жүзеге асыру, жас инженерлер арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.

IMG-20170110-WA0011

ҚарМТУ баспасөз қызметі

Без рубрики