ҚарМТУ делегациясының Шыхыцзы Университетіне (Қытай) сапары


Университет тарихында алғаш рет 2014 ж. 20- 25 қазан аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары ынтымақтастық туралы келісімшарт шеңберінде, 30 000 астам адам, соның ішінде Қазақстандық студенттер білім алып жатқан Шыхыцзы Университетінде сабақтар мен ғылыми консультациялар кезеңін өткізді. Бұл Қытайдың үлкен аймақтық университеті ҚарМТУ-дың Конфуций институты бойынша стратегиялық серіктесі болып табылады. ҚарМТУ жанындағы конфуций институтында қытай тілі және мәдениеті бойынша курстар жұмыс жасайды, Шыхыцзы Университетіндегі жазғы тілдік курстар ретінде Қытайда машықтану өткізіледі, сонымен қатар «Қытай көпірі» халықаралық байқауының шеңберіндегі іс- шаралар, HSK стандартының негізінде қытай тілі бойынша тестілеу өткізіледі.
Биылғы жылы біздің университеттер арасындағы ғылыми және академиялық серіктестіктің жаңа кезеңі басталды.
ҚарМТУ оқытушыларының жұмыс бабымен жасалған бұл сапарының мақсаты- білім беру және ғылым салаларындағы тәжірибе және жетістіктерімен алмасу. Аталмыш сапар академиялық ұтқырлық шеңберінде өтті, яғни ҚарМТУ оқытушылары сәйкес пәндер бойынша студенттер, магистранттар мен оқытушыларға дәріс оқыды. Осы тыңдаушыларға Шыхыцзы университетінің оқытушылары өз тақырыптары бойынша дәріс берді. Дәрістер үш тілде оқылды: қытай, орыс және ағылшын.
ҚарМТУ делегациясы Шыхыцзы университеті үшін маңызды мынадай ғылыми бағыттар мен білім беру бағдарламаларын қамтыды:
• Сәулет және құрылыс (профессор Нугужинов Ж.С.);
• Өндіріс үдерістерін автоматтандыру (профессор Брейдо И.В.);
• механика (қауымдастырылған профессор Филиппова Т.С.);
• экономика (профессор Көшебаева Г.К.);
• Жаңа химиялық технологиялар (қауымдастырылған профессор Кабиева С.К.);
• Материалтану (қауымдастырылған профессор Квон Св.С.);
• Орыс тілі (қауымдастырылған профессор Оспанова Б.Р.).
Оқу жұмыстары және ғылыми консультациялар келесі институттарда өткізілді: экономика және сауда, электротехникалық, гидротехникалық құрылыс, химия, педагогика, шет тілдері, мәдениет және өнер.
Шыхыцзы университетінің студенттеріне көрсетілген бағытта ҚарМТУ-дың инновациялық мектептерінің зерттемелері бар авторлық курстар ұсынылды.
Әр дәрістен кейін қытайлық студенттерге дәріс тақырыбы бойынша, және де жалпы сұрақтар: Қазақстанның білім беру жүйесі, басым ғылыми бағыттар, студенттік өмір және т.б. туралы қойылды.
Бірігіп жасалған жұмысты қорытындылай келе ынтымақтастықты ары қарай жалғастыру және студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту, ортақ ғылыми қызығушылықтарды іздеу, халықаралық зерттеу топтарын құру қажеттігін екі жақ бірдей қолдады.
Екі жақ та аталмыш сапарды қос университет арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашатын маңызды қадам деп қарастыратынын айтты, себебі, ол біздің елдеріміздің жүзеге асырылып жатқан ортақ «Ұлы Жібек Жолы» тарихи- мәдени және экономикалық жобаның түйіні болып табылады. Сонымен қатар айта кету керек, 2014 ж. 14 мамырынды Қазақстанда алғаш рет ҚарМТУ негізінде «Жібек жолының экономикалық аймағы: Қытай және Орта Азияның бірігіп дамуы» атты ІІ-ші халықаралық форум өтті. 2014 ж. 26 шілдеде ҚарМТУ-ға Қытай Халық Республикасынан «Цинхуа» энергетикалық компаниясы жетекшілігі болып табылатын кәсіпшілер делегациясы келді. Қонақтар университеттің оқу және ғылыми- техникалық базасымен танысты және Қарағанды облысында кешенді көмір өндіру жобасын іске асыру үшін инженер мамандарын дайындау мәселелері бойынша декандар, кафедра меңгерушілері және алдыңғы қатарлы ғалымдармен жиналыс өткізді.
поездка в китай
ҚарМТУ ғалымдарының делегациясы және Шыхыцзы университетінің әкімшілігі

Без рубрики