2017 жылы 22 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Ғылыми инновациялар және кәсіпкерлік» халықаралық практикалық конференциясы өтті. Оған техникалық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізетін 300-ге жуық магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар мен инженерлер қатысты.
- Жиынның мақсаты – 2017-2020 жылдарға арналған ҚарМТУ көп тілді білім беру тұжырымдамасын іске асыру және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Міндеттері – жас ғалымдардың халықаралық қатынастарды дамытуға бағыттау, кәсіби-бағытталған ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, сол арқылы ғылым мен техниканың барлық салаларындағы проблемалар мен алдыңғы қатарлы технологияларға назар аударту, ғылым, инженерлік және кәсіпкерлік саласында алынған эксперименттік деректермен, атап айтқанда халықаралық тәжірибемен таныстыру. Ол үшін магистранттар мен докторанттарды зерттеулерді ағылшын тіліндегі әртүрлі ақпарат көздері негізінде іздеу жолдарын көрсету, — дейді ҚарМТУ-дың «Шет тілдер» кафедрасының меңгерушісі Дамира Дулатқызы Жантасова.
Конференцияның жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылады. Басқосудың тағы бір ерекшелігі мұның форматының өзгешелігінде, яғни, әдеттегі ресми форматты конференцияларға қарағанда бұл жиында баяндамалар оқылмайды және қатысушылардың өздері спикер ретінде сөз алу құқығына ие болады.
Мәжілістің бірінші бөлімі басталмастан бұрын қатысушылар шетелдік баспалардың техникалық ғылымдар саласындағы ағылшын тілін үйренуге арналған қазіргі заманғы материалдармен танысты.
Ал пленарлық бөлімде Гонконг университетінің профессоры, э.ғ.д. Дэниел Черчилль Skype арқылы байланысқа шығып, Колорадо мемлекеттік университетінің PhD ғалымы, қазіргі таңда ҚарМТУ-де Интернационалдық байланыстар бойынша проректоры қызметін атқарып жатқан Констанс DeVereaux, және Ұлыбритания университетінен PhD Дилан Эванс, сондай-ақ АҚШ-тан тәжірибелі мамандар: Бен Тейлор, MA, Гумбольдт мемлекеттік университеті және Теннеси штаты, Токио университетінен Джордан Бакке сияқты техникалық және экономикалық ғылымдар саласындағы шетелдік профессорлар мен ғалымдар конференцияға қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Конференцияның тәжірибелік бөлімінде ағылшын тілін интерактивті оқу әдісімен және ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы оқыту жөнінде өзекті мәселелер мен сұрақтар бойынша, сонымен қатар инженерлік жөнінде өзекті мәселелер мен сұрақтар бойынша шеберлік-сыныптар, постер-пікірталастар өткізілді.
Сонымен қатар конференция барысында «жоба мазмұнына шығармашылық көзқарас» критерийі бойынша ең үздік постер жоба сайысы ұйымдастырылды. Байқау аясында қатысушылар ғылым мен инженерия бағыттарына қатысты, жобалау саласындағы мәселелер туралы, жаңа технологиялардың практикалық қолданысы бойынша тақырыптарда жобалар дайындау талабы қойылды. Қазір сайысқа 10-нан астам жоба ұсынылған. Сараптама комиссиясының шешімі 2017 жылғы 22 қарашасы күні сағат 17.00-ден кейін белгілі болып, конференцияның жабылуында ең үздік презентация марапатталады.
Барлық қатысушыларға ҚарМТУ-дың Шет тілдері кафедрасынан конференцияның сертификаттары беріледі.