2015 жылдың 26 желтоқсанында ҚарМТУ- дың №1 жатақханасында «Серпін — 2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Шолпан Аханқызы мен Студенттер Кеңесі және «Серпін-2050» бағдарламасымен оқуға түскен студенттердің ұйымдастыруымен жаңа жыл өтті. Жаңа жыл жұртшылық асыға күтетін мейрамдардың бірі. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, атаулы мереке алдында барлығы ат салысып үлкен дайындық жасады. Соның нәтижесінде кеш өз деңгейінде өтті. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнап, бір- біріне жаңа жылдық көңіл- күй сыйлады. Тәрбие ісі жөніндегі Проректор Алпысбаева Назым Аманғазықызы барша студенттер қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, күзгі оқу жүктемесін ойдағыдай аяқтап, жаңа жыл бақытқа, шаттыққа толы жыл болсын деп жылы лебізін білдірді.