19 қазан 2024 ж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Инновациялық технологиялар факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушы Ш.М. Темиржанова мен оқытушы Жақыпқанова Л.Б.-ның ұйымдастыруымен Долинка поселкесіндегі ҚарЛаг музейіне экскурсия жасалды. Экскурсия студент жастарға патриоттық тәрбие беру, туған өлке тарихын тереңірек білу, оқып үйрену мақсатын көздеді. Экскурсияға инновациялық технологиялар, машина жасау және энергетика, автоматика, телекоммуникациялар факультеттерінің 1курс студенттері (барлығы 94) мен СИБ-24-11 кураторы Нугуманова Меруерт Калганбергеновна және СИБ-24-12 топ кураторы Арабаджи Кристина Дмитриевна қатысты. Музей ҚарЛаг тарихының ескерткіштерін зерттеу және сақтау және сталиндік саяси қуғын-сүргін саясатының жазықсыз құрбандарына тағзым ету, есте қалдыру мақсатында құрылған. Музей қызметкері КСРО-дағы 30-жылдарда жүргізілген күштеу саясаты, сталиндік қуғын-сүргін саясаты құрбандарының қасіретті тағдыры туралы айтып берді. Студенттер тұтқындарға арналған камера, комендатура залдарында болды. Қарлагтың қабырғасында ғылым мен мәдениеттің атақты адамдары А.Н. Чижевский, Н. Сац, Л. Русланова және т.б. жазықсыз отырды. Олар Ұлы Отан соғысы жылдарында фашизмді жеңуге үлкен үлес қосты. Жалпы экскурсиядан студенттер үлкен әсермен оралды. Осындай іс-шаралар жастарды туған өлке тарихын тереңірек біліп қана қоймай, оны құрметтеуге тәрбиелейді.