2016 ж. 15 қарашасы күні Қарағанды қаласының Бұқар-Жырау проспектісінде, Тәуелсіздік стелласының жанында полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол жүру аптасы» аясында «Жарқыра!» акциясын өткізді. Оған ҚарМТУ-дың «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер қатысты.
15 қараша күні жыл сайын БҰҰ Бас ассамблеясы тағайындаған Жол апаты құрбандарының бүкіоәлемдік күні атап өтіледі.
Акция мақсаты – жаяу жүргіншілердің жол қаупсіздігін сақтау мақсатында жарықтандырғыш элементтері бар (фликерлер) құралдарды қолдануды насихаттау. Іс-шара жергілікті ІІД-нің полиция қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылды. Оған жастар ұйымдарының белсенділері қатысып, проспектте фликерлер және полиция асатаяғы арқылы жарық толқынын жасап, автомобиль жүргізушілері мен жау жүргіншілердің назарын аудару мақсатында би биледі. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кешкі уақытта жол жүргенде жарықтандырғыш элементтері бар киім кию немесе ұялы телефондардың шамын қолдану адамдардың өмірін сақтап қалуда едәуір көмек көрсетеді.