Қарағандылық энергетик-студенттер Топар бас энергия тарату станциясының жұмысымен танысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің болашақ түлектері кәсіпорынның оқу орталығын және өндіріс орындарын аралады.

БЭТС қызметкерлері студенттерге электр энергетикасының өзекті мәселелері, жылу станцияларының жұмыс ерекшелігі, технологиялық цикл, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау талабы туралы айтып берді.

Болашақ энергетиктер компьютерлік тренажерларды қолдана отырып, қалыпты және төтенше жағдайда электр қондырғысын виртуалды жағдайда басқарып көрді.

Станцияда студенттер отын-көлік, химия және қазандық цехтарының жұмысымен танысып, станцияның басқару пульті қалай жұмыс істейтініне куә болды.

Болашақ энергетиктерге нақты уақыт режимінде қондырғылардың жұмысы мен станцияның кезекші инженерінің қызметі көрсетілді.

Без рубрики