Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ аясындағы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестігі – жобаларды басқару топтары


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университет аясындағы Оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) – Жобаларды басқару тобы (ЖБТ) ҚР БҒМ 2009 жылғы 31 шілдедегі № 367 бұйрығымен құрылды (11.02.2020 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен), оған сәйкес бүгінгі таңда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Бас ұйым ретінде бекітілген, оған:

бакалавриаттың 8 бағыты бойынша:

  1. 6В072 Тау-кен ісі;
  2. 6В071 Машинажасау;
  3. 6В071 Аспап жасау;
  4. 6В071 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша);
  5. 6В112 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды;
  6. 6В075 Стандарттау, сертификаттау (салалар бойынша);
  7. 6В075 Метрология;
  8. 6В112 Өрт қауіпсіздігі.

Магистратураның 8 бағыты бойынша:

  1. 7М072 Тау-кен ісі;
  2. 7М071 Машинажасау;
  3. 7М071 Аспап жасау;
  4. 7М071 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша);
  5. 7М112 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды;
  6. 7М075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша);
  7. 7М072 Пайдалы қазба кен орындарын барлау мен іздестіру геофизикалық әдістері;
  8. 7М072 Маркшейдерлік іс;

Ph.D докторантураның 7 бағыты бойынша:

  1. 8D072 Тау-кен ісі;
  2. 8D071 Машинажасау;
  3. 8D071 Аспап жасау;
  4. 8D071 Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша);
  5. 8D112 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды;
  6. 8D075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша);
  7. 8D072 Пайдалы қазба кен орындарын барлау мен іздестіру геофизикалық әдістері;

 

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ аясындағы ОӘБ-ЖБТ өз жұмысында жоғары оқу орындары аясындағы оқу-әдістемелік бірлестіктердің қызметі туралы Ережені басшылыққа алады (ҚР Білім және Ғылым Министрінің 12.10.2018 ж. № 562 бұйрығы).

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің сыртқы және ішкі жүйелерін жетілдіру мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілер, аккредиттеу агенттіктері мен өзге де ұйымдар өкілдерінің өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
  • ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту нәтижелерін қалыптастыру бойынша ұсынымдар дайындау;
  • кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттарының профессорлық-оқытушылық құраммен, әдебиетпен, электрондық деректер базасымен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;
  • жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі бар кадрларды даярлаудың жетекшілік ететін бағыттары бойынша сараптама, рецензиялау, оқулықтар, оқу құралдары, тест тапсырмалары, әртүрлі деңгейдегі оқу басылымдарын жүргізу;
  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндерін, жоғары білім беру ұйымдарына түсу кезінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша талапкерлерді кешенді тестілеуді, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау пәндерін айқындау бойынша ұсынымдар қалыптастыру;
  • инновациялық білім беру технологияларын енгізу және көптілді білім беруді, дуальды оқыту жүйесін енгізу бойынша озық тәжірибені тарату бойынша ұсынымдар дайындау;
  • білім беру қызметтерін тұтынушы ретінде жұмыс берушінің күтулері мен талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістерінің мазмұнын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
  • білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйелерін құру бойынша ұсынымдық сипаттағы әдіснамаларды әзірлеу мақсатында әлемдік тәжірибеге, оның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарына талдау жүргізу және жалпылау.
Без рубрики