Қарағанды техникалық университетінің Жол-көлік факультетінің «КТ және ЛЖ» кафедрасының түлегі Будапештте гір спортынан алтын медаль жеңіп алды.


21-24 қазан аралығында Венгрияның Будапешт қаласында гір спортынан кәсіпқойлар арасында Әлем Кубогының Кезеңі өтті. Ұлттық құрама құрамында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері — №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров қатысты.

Осы жарыста Александр биылғы жылдың желтоқсан айында Латвия астанасы Ригада өтетін гір спортынан Әлем Кубогының финалына шығып, алтын медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың сәуір айында Ташкент қаласында (Өзбекстан) Александр Комаров гір спорты бойынша Азия ойындарының чемпионы атанды, сондай-ақ Азия чемпионатының тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Александр Комаров гір спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасында Әлем Чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Еуропа чемпионы және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болып табылады.

Без рубрики