I. Көлемі: А4;
II. Дипломның мазмұны 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын):
- ЖОО атауы;
- түлектің фамилиясы, аты, әкесінің аты толығымен;
- білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;
- берілетін дәреже (бар болса);
- дәреже беру туралы аттестациялық комиссия отырысы хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса);
- оқу түрі;
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жетекшісінің қолы;
- реттік тіркеу нөмірі;
- диплом сериясы (бакалавр – BD, магистр – MD, магистр дипломына куәлік – СMD);
- берілген күні және орны (қаласы);
- ЖОО мөрі;
- институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің атауы;
- QR коды (көлемі кемінде 3х3 см.);
III. Диплом мәтіні 3 тілде бір парақта орналасуы қажет.