Қарағанды техникалық университетінің «Жас Орда» жастар қауымдастығы және «Aqniet» қайырымдылық ұйымы жұлын-бұлшықет атрофиясынан зардап шегетін Айкүміс Сәрсенді қолдау мақсатында шағын футболдан турнир ұйымдастырды.
Турнирдің жеңімпазы энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің тобы атанды.
Барлық жиналған қаражат (70 мың теңге) Айкүміс анасының карточкалық шотына жіберілді.