Қарағанды техникалық университетінің түлектері жоғары орынға тағайындалды


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Баттақов Ерлан Еркінұлы ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Е. Е. Баттақов бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметін атқарған, ал А. С. Данилов – Stopfake.kz жобасының жетекшісі, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Қарағанды техникалық университеті» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
Е.Е. Баттаков пен А.С. Данилов Қарағанды техникалық университетінің түлектері.

Ерлан Еркінұлы мен Александр Сергеевичті жоғары тағайындалуымен құттықтаймыз және жұмыста табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики