Қарағанды техникалық университетінің кеніштік аэрология және еңбекті қорғау кафедрасының студенттері «Жасыл университетке» барар жолда» халықаралық студенттік алаңға қатысты


Қарағанды техникалық университетінің командасын БЖД-18-1 тобының студенттері таныстырды: 

  • Бекишева Камилла
  • Баймухан Ақжол
  • Мукажан Алтынай
  • Даутұлы Исмайыл
  • Абиев Темирлан

Команда жетекшісі — КА және ЕҚ кафедрасының аға оқытушы Цешковская Е.А.

 Өткізу күні: 2021 жылдың 03 сәуірі.

Халықаралық студенттік алаңды ұйымдастырушылар:

  • В. И. Вернадский атындағы қор;
  • Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ);
  • «Дубна» Университеті» ЖОО МББМ.

Қарағанды техникалық университеті командасының мақсаты:

«Студенттердің экологиялық санасын дамыту, тұрақты университеттің қалыптасуына қадам жасау, экомәдениет дағдыларын игеруі».

Біздің команданың логотипі:

 

Іс-шарада мынандай университеттердің командалары  қатысты:

  • «Ресей халықтар достығы университеті» ЖО ФМАБМ;
  • МО «Дубна» университеті» ЖО МББМ;
  • МО «Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті» ЖО МББМ;
  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • Самарқанд мемлекеттік университеті (Самарқанд қ. Өзбекстан).

Университеттерде өз бағдарламаларын әзірлеу және дамыту үшін «Жасыл университет» тұжырымдамасының мүмкіндіктерін, қауіптерін, күшті және әлсіз жақтарын анықтау және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі векторларын анықтау бойынша командалық жұмыс өтті.

«Жасыл университет» тұжырымдамасының аспектілері мен тәсілдерін қолдану арқылы орнықты даму мақсаттарын іске асыруда әлемнің барлық елдерінен жоғары оқу орындарын одан әрі кооперациялаудың бағыттары ұсынылған.

Без рубрики