«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының (кафедра меңгерушісі — Д.Г. Шорманбаева) 2021 жылдың 17 қарашасында Sanaly urpak студенттік клубы қатысушыларының диалог-кездесу форматындағы онлайн-слеті өткізілді.
Онлайн-слеттің мақсаты: жас ұрпақтың азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы неғұрлым кең білім алуы, болашақ мамандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты, жеке сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін жою.
Іс-шара қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Sanaly urpak жобасының «2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының» 1.6-тармағын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.
Диалог-кездесуге «Sanaly urpak» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, М. Қозыбаев атындағы СҚУ, Қарағанды индустриялық университеті, Қарағанды медицина университеті студенттері қатысты.
Қарағанды техникалық университетінің комплаенс-офицері, т.ғ.д., профессор Г.С. Жетесова алғы сөз сөйледі. Одан әрі, клуб өкілдерінің әрқайсысы өз жұмыстарымен таныстырып, алдағы жылға арналған даму перспективаларымен бөлісті.
Өткен слеттің қорытындысы бойынша слетке қатысқан жоғары оқу орындарының ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үгіт-насихат іс-шараларын күшейту, клуб мүшелерінің қатарына студенттерді көптеп тарту бойынша ұсыныстар қаралды және ұсынылды. «Sanaly urpak» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К.А. Токушев аталған слетті ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.