Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды


Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2020 жылғы 3 желтоқсанда «Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы» №460 Жарлыққа қол қойды.

Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің арасында Қарағанды техникалық университеті ғалымдарының шығармашылық тобы бар.

Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының мыңдаған ұжымы Басқарма төрағасы – ректор Марат Кенесович Ибатовты, профессорлар А.З. Исағұловты, Г. С. Жетесованы, Т. С. Сулейменовты, Св. С. Квонды және В. Ю. Куликовты Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жоғары оқу орны тарихында ғылым мен техника саласындағы алғашқы Мемлекеттік сыйлығымен шын жүректен құттықтайды!

Без рубрики