Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің халықаралық ынтымақтастығын дамыту академиялық алмасуды, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен бірлескен ғылыми зерттеулерді кеңейту және тереңдету үрдісіне ие.
Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Д.Д. Джантасованың жетекшілігімен «Цифрлық оқыту технологиялары арқылы техникалық ЖОО интернационалдандыру әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыру жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері Афина қаласында (Греция) ATINER-2022 Халықаралық симпозиумына қатысты.
Atiner институтының басшысы, профессор Dr. Gregory T. Papanikos және оның командасымен кездесулер шеңберінде жоғары білім мен ғылым саласындағы интернационалдандыру процесінің ерекшеліктері талқыланды, техникалық ЖОО интернационалдандыру әлеуетін дамытудың әзірленген моделін апробациялау бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ, аталған ғылыми зерттеу және цифрлық оқытуды іске асыру саласындағы ынтымақтастық шеңберінде бірлескен жобалар белгіленді.
Д.Д. Джантасова жобалық зерттеу нәтижелері бойынша баяндама жасады, олар Халықаралық ғылыми қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болды.