Қарағанды техникалық университетінде Инновациялық технологиялар факультеті студенттері арасында өткен программалау бойынша олимпиада қорытындысы


Наурыз мейрамы қарсаңында КЕАҚ «ҚарТУ» Инновациялық технологиялар факультетінде 10.03.2022 — 11.03.2022 аралығында біздің ЖОО студенттері мен магистранттары арасында жыл сайын өтетін бағдарламалау бойынша олимпиада өтті.

Олимпиада болашақ мамандардың арнайы кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында өткізіледі және дарынды студенттерді қолдау факторларының бірі болып табылады, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға қатысу үшін студенттер командасын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – шығармашылық қабілеттерді ашу, жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасау, тұлғаның жан-жақты дамуы, дарынды оқушыларды қолдау және ғылыми әлеуетін кеңейту.

Олимпиада аралас форматта Microsoft Teams және Google Forms бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен қазақ және орыс тілдерінде 2 кезеңде өткізілді:

  • I кезең – тест тапсырмаларын орындау (формат – қашықтан);
  • II кезең – бағдарламалау есептерін шешу (іс-шараның форматы ҚарТУ IT-құзыреттілік орталығының базасында).

Тест тапсырмалары бағдарламалау пәндерінің жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған. Олимпиаданың ІІ кезеңіне өткен қатысушылар кез келген бағдарламалау тілінде бірқатар есептерді шешуі тиіс болды.

Олимпиадаға ҚарТУ-дың 50 студенті тіркелді.

Тестілеу нәтижесі бойынша ІІ кезеңге 11 студент өтті.

Екі күндік тапсырмаларды орындау нәтижесінде студенттер Амирханов Ерасыл Қуанышбекұлы СИБ-19-4 тобы (I, II кезең бойынша 331 ұпай), Каиров Чингиз Русланович ИС-19-3 тобы (I, II кезең бойынша 293 ұпай), Амирханов Акежан Канатович ИС-19-3 тобы (I, II кезең бойынша 286 ұпай), Бақытұлы Нұртілеу СИБ-19-4 тобы (I, II кезең бойынша 283 ұпай) өз білімдерін, біліктіліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Университет кезеңінің жеңімпаздары облыстық немесе республикалық дәрежеде өтетін студенттер мен магистранттар арасында өтетін түрлі ІТ-конкурстарға қатысады.

Олимпиаданы өткізу жөніндегі комиссия мен ұйымдастыру комитетінің құрамы.

Комиссия мүшелері: т.ғ.к., доцент Томилова Н.И.; т.ғ.к., доцент Искаков М.Б.; т.ғ.к., доцент Кан О.А.; т.ғ.к., доцент Қоғай Г.Д.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері: ИТФ деканы Самашова Г.Е.;  АҚТ кафедрасының меңгерушісі Коккоз М.М.; АЕЖ кафедрасының меңгерушісі Калинин А.А.; аға оқытушы Әбілдаева Г.Б.; аға оқытушы Клюева Е.Г.

Без рубрики