Қарағанды техникалық университетінде «Байланыс жүйелері және технологиялары» кафедрасының базасында Huawei академиясы ашылды


2021 жылдың 25 қазанында «Қарағанды техникалық университетінің Huawei ICT академиясы» ашылды.

Ашылу салтанатына Huawei компаниясының өкілі, директордың серіктестермен жұмыс жөніндегі орынбасары — Өмірсерік Нұрсая және ҚарТУ өкілі — Атқарушы директор Исагулов Аристотель Зейнуллинович қатысты.

Сабақтар Huawei академиясының арнайы зертханасында, 4 корпустың 402 кабинетінде өткізіледі. Кабинет барлық қажетті техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Оқытуды Huawei компаниясының сертификатталған нұсқаушылары, «Байланыс жүйелері және технологиялары» кафедрасының аға оқытушылары Есенжолов Ұлан Серікұлы және Қалиасқаров Нұрбол Балтабайұлы жүргізуде.

Huawei академиясының алғашқы шығарылымы 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Оқытуға «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының бітіруші топтары қатысады.

Без рубрики