Қарағанды техникалық университетінде академиялық мәселелер бойынша жаңа проректор тағайындалды


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №55-жқ бұйрығымен, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор лауазымына Нүсіпбеков Бекболат Рахишұлы тағайындалды.

Осыған орай университетте өткен ресми кездесуде университет ұжымы жаңа басшыны қарсы алды. Басқарма төрағасы — Ректор Сагинтаева Сауле Саветовна жаңа проректорды таныстырып, оның кәсіби тәжірибесі мен біліміне жоғары баға беріп, университеттің білім беру саласын одан әрі жетілдіру жолында маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.

Жаңа қызметке кіріскен Бекболат Рахишұлы ұжымға алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс жасауға және оқу орнының даму мақсаттарына бірге жетуге дайын екенін атап өтті.

Нүсіпбеков Бекболат Рахишұлын жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған жұмыста табыс, барлық мақсаттарына жетуіне тілектеспіз!

Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы

«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры

техника ғылымдарының кандидаты (1998), «Физика» мамандығы бойынша Жоғары аттестациялық комитетінің доценті (2003), «Физика» мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің профессоры (2018)

Білімі:
* Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы «Физика» (1985)

Еңбек өтілі:
* Болат балқыту өндірісін автоматтандыру бөлімінің инженері, металлургиялық процестерді автоматтандыру бөлімінің үшінші, екінші санатты инженер-конструкторы (1985-1991);

* «Гидродинамика және жылу алмасу» зертханасының аға ғылыми қызметкері, «Гидродинамика» ғылыми-өндірістік енгізу шағын кәсіпорны директорының орынбасары, директоры, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жылу физикасы кафедрасының оқытушысы (1991-1998);

* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультеті деканының орынбасары, қатты дене физикасы кафедрасының аға оқытушысы, жылу физикасы кафедрасының доценті (1998-2003),

* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Физика факультеті деканының оқу работе жөніндегі орынбасары, жылу физикасы кафедрасының доценті (2003-2011);

* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Физика-техникалық факультетінің деканы, Ж.С.Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы кафедрасының профессоры (2011-2019);

* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры (2019-2020);

* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (2020-2021);

* Ж.С.Ақылбаев атындағы Инженерлік жылу физикасы кафедрасының профессоры, 8D05303-Жылуфизикасы және теориялық жылутехникасы білім беру бағдарламасы бойынша Диссертациялық Кеңестің төрағасы, (08.2021-09.2024);

* «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ, Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (09.2024 – қазіргі уақытқа дейін).

Без рубрики