Қарағанды техникалық университеті QS EECA-2021 халықаралық рейтингінде өз позициясын айтарлықтай жақсартты


Қарағанды техникалық университеті QS EECA-2021 (QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2021) жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингінде 197-орыннан 180-орынға көтерілді.

Quacquarelli Symonds агенттігінің рейтингтері Academic Ranking of World Universities және Times Higher Education World University қатар әлемдегі ең ықпалды рейтингтердің бірі болып саналады.

Зерттеу Шығыс Еуропа, Орталық Еуропа, ТМД және Балтық маңындағы 400 ЖОО арасында жүргізілді, бұл COVID-19 пандемиясына байланысты білім беру саласындағы проблемаларға қарамастан, өткен жылмен салыстырғанда 50-ге көп.

Бұл рейтингте ескерілгендер: студенттер саны мен оқытушылар құрамының арақатынасы, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттердің үлесі, академиялық бедел көрсеткіштері, жұмыс берушілер арасындағы бедел, бір оқытушыға келетін жарияланымдар саны, ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны, интернеттегі қатысу дәрежесі және халықаралық тең авторлық.

Профессорлық-оқытушылар құрамын интернационалдандыру және ғылыми мақалалардан дәйексөз индексін арттыру бойынша жұмыс ЖОО-ны дамытудың басым бағыттары болып табылады

Университет бизнес-қоғамдастықпен қарым-қатынасты нығайту жолында үнемі жұмыс істейді. Бұған бірлескен ғылыми зерттеулер мен инновациялар, мансаптық іс-шаралар, практикалар ықпал етеді. Университеттің серіктестері тек Қарағанды өңірінің ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары болып табылады.

Халықаралық рейтингтерде ҚарТУ позицияларын алға жылжыту — бұл инновациялық-кәсіпкерлік университетке өту кезінде қол жеткізілген жаһандық бәсекеге қабілеттілік нәтижесі.

Без рубрики