Қарағанды техникалық университеті КЕ АҚ постдокторантура бағдарламасының келесі бағыттары бойынша конкурс жариялайды


Қарағанды техникалық университеті КЕ АҚ постдокторантура бағдарламасының келесі бағыттары бойынша конкурс жариялайды

Даярлау бағытының коды Даярлау бағыты  Даярлау бағытының шифры Білім беру бағдарламасының шифры
8D071 Инженерия және инженерлік іс 8D0710 Машина жасау
8D07102 Көлік, көліктік техникасы және технологиялары
8D07103 Электроэнергетика
8D072 Өндірістік және өңдеуші салалар 8D07201 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
8D07202 Тау-кен ісі
8D07203 Металлургия
8D073 Сәулет және құрылыс 8D07301 Құрылыс
8D07302 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

Постдокторантура бағдарламасына үміткерлер конкурстық комиссияға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. «ҚарТУ» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы-Ректордың атына конкурсқа жіберу туралы өтініш;
  2. жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. философия докторы (PhD) немесе ғылым кандидаты дипломның көшірмесі;
  4. шет тілі бойынша сертификат (ағылшын, француз, неміс) International English Language Tests System (IELTS, шекті балл — 5.5-тен кем емес), Grundbaustein DaF (шекті балл — С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл — С 1), Diplome d ‘ Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл — В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл — С 1), Test de connaissances de français (TCF, шекті балл — кемінде 400) (бар болған жағдайда), Test Of English as a Foreign Language (TOEFL ITP кемінде 460) (бар болған жағдайда) бағдарламалар бойынша;
  5. ғылыми жұмыстарының тізімі (қосымшасымен бірге):
    • Scopus дерекқоры бойынша жарияланымдарға дәйексөз келтіру бойынша анықтамалар және/немесе Clarivate Analytics (Web of Science Core Collection) ақпараттық компаниясының дерекқорынан дәйексөз келтіру бойынша анықтама. Дәйексөз (цитирования) бойынша мәліметтерде жарияланымдар саны, Хирша индексі (h-index), дәйексөздердің жиынтық (жалпы) саны туралы ақпарат болуы тиіс;
    • патенттердің, куәліктердің, заңды және авторлық құқық объектілердің көшірмесі;
  6. постдокторант өзінің ғылыми қызметін жүзеге асыратын постдокторантура бағдарламасын іске асыру үшін орын бөлу негіздемесімен бөлімшеден өтінімін (Ережеге сәйкес «А» Қосымшасы);
  7. үміткердің ғылыми мүдделерін және постдокторантураға (personal statement) түсу мақсаттарын негіздеу;
  8. үміткердің түйіндемесі (Ережеге сәйкес «Б» Қосымшасы).
  9. жобаға қатысу үшін қажетті нақты дағдыларды, жұмыс тәжірибесін ашатын уәждемелік хат (1000 белгіден артық емес);
  10. өз саласындағы зерттеуші ғалымдардың жұмыс беруші ұйымның қолымен және мөрімен расталған екі ұсынысы (мүмкін болса).

Постдокторантқа 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия және өндірістік практикамен байланысты шығындарды өтеу және/немесе бүкіл оқу кезеңінде бір реттік 7 күнтізбелік күнге дейін созылатын халықаралық шетелдік конференцияларға қатысу шығындарын өтеуді қамтамасыз етеді.

Үміткерлерден өтінімдер 2021 жылғы 13 қазан, сағ. 17.00-ге дейін сканерленген нұсқада мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: science@kstu.kz

Барлық сұрақтар бойынша Ғылым және инновация департаментіне 8 7212 565234 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Положение 2021

Без рубрики