Жобаның мақсаты мен міндеттері:
- мемлекеттік қызметке Қарағанды облысы жастарының неғұрлым дарынды өкілдерін тарту;
- жастар арасында Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және насихаттау;
- ЖМҚМ қызметін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының күш-жігерін шоғырландыру және өзара іс-қимылын үйлестіру.
Оқыту ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалы базасында интерактивті тренинг, фасилитациялық сессиялар және Brainstorming форматында өтті, кейіннен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті. 2 ай ішінде мемлекеттік органдарда тағылымдама ұйымдастырылды, ЖМҚМ түлектерінің қатысуымен мотивациялық кездесулер өткізілді.
Салтанатты жағдайда дипломдар мен виньеткалар табысталды.